Абай облысында кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті

Басқа ақпараттар

Абай облысында 17 маусым кешінен бері хабар-ошарсыз кеткен 14 және 8 жастағы екі баланы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Jas.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

17 маусымда сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Манатұлы Укіртаев пен 8 жастағы Әлихан Дарханұлы Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті ауданында болған. Осыдан кейін олардың қайда кеткені белгісіз.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды.

«Абай облысы Полиция департаменті қала тұрғындарынан іздестіруге көмектесуді сұрайды. Егер балалардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтеріңіз болса, дереу 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», — дейді тәртіп сақшылары.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз