Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

«Кемпір шуақ» деген не?

Басқа ақпараттар

«Кемпір шуақ» немесе «мизамшуақ» дегенді естіп пе едіңіз?  Бұл күз айында  болатын ауа-райы құбылысы — «Бабье лето».

Кішкентай кезімізде үлкендер күздің басында күннің суытып барып, қайта жылынуын «Кемпір шуақ» деп атап,  бұл құбылысты «жаздың қоштаса алмай тұруы» деп түсіндіріетін. Тіпті кейбір  жылына 1 рет қана гүлдейтін өсімдіктер  осы кезде тағы бір мәрте гүлдейді екен.

«Кемпір шуақ»  әр елде климаттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі уақытта болады. Мысалы, Орталық Еуропа елдерінде бұл құбылыс  көбінесе  14 қыркүйекте басталып,  2 аптаға созылса, Солтүстік Америкада қыркүйектің соңында болады екен. Ал  Оңтүстік Сібірде  қазан айының басында күн жылына бастайды.   Қазақстанда  да дәл солай.

«Кемпір шуақ» кезінде көбінесе ауа құрғақ болады. Халық арасында да  «Егер «кемпір шуақ» құрғақ болса, күз жаңбырлы болады, немесе керісінше «кемпір шуақ» жаңбырлы болса, күз құрғақ болады» деген сөз бар. Және климаттағы осы құбылыс кезінде өрмекшілер көбейіп, торлары ұшып жүрсе, күз жылы, қыс салқын болады деген ой қалыптасқан.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз