Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген Дубайда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Дубайда жеке концертін өткізеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы наурыз айында Дубай қаласында жеке концертін өткізеді. Әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында мәлім етті.

«25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар!», – деп жазды ол.

Айта кетейік, әнші парақшасы бұғатталғанын да атап өтті.

Exit mobile version