«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қор ең алдымен тәртіпсіздік кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилердің отбасына көмек көрсететінін айтты.
«Әрине, қор халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жұмыс істейді. Біздің алғашқы қайырымдылық жобамыз — жаппай тәртіпсіздік кезінде қызмет барысында қаза болған құқық қорғау органының қызметкерлері мен әскерилердің отбасына көмек, және ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсеткіміз келеді. Бүгінде жұмыс осы бағытта жүріп жатыр. Әрине, мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, дегенмен қолдау жағы жетпей жатқан жандар да баршылық», — деді Болат Жәмішев «Хабар 24» арнасындағы «Ошакбаев LIVE» телебағдарламасының эфирінде.