Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Жаңа жобалар таныстырылды

Басқа ақпараттар

Кейінгі кездері жаңа нысандардың сәулетіне, өңірге сән беретін көркемдігіне, тұрғындардың тіршілік етуіне ыңғайлығы мен сапасына ерекше назар аударылатын болды. Сондықтан құрылыс басталмас бұрын нысанның жобасын тапсырыс беруші және жобалау­шы мекеме өкілдерінің, құрылыс саласы мамандарының, елімізге танымал сәулетшілерден құралған комиссия мүшелерінің әбден саралап, сараптап алуы дәстүрге айналды.

Осыған орай, өткен ап­тада облыс әкімдігінің үлкен жиынжайында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов­тың қатысуымен алда­ғы уақытта өңірімізде са­лынатын 8 нысанның жобасы таныстырылды. Облыстық мекеме басшылары, Қазақстан Сәулетшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшелері мен аудан, қалалардың бас сәулетшілері шақырылған шараны облыстың бас сәулетшісі Дәркен Нұржанов жүргізіп отыр­ды.

Шара аясында сәулетшілер алдымен өңірімізде салынып біткен, құрылысы жүріп жатқан нысандардың жағдайы мен алдағы уақытта атқарылатын жобалар туралы ақпарат беріп өтті.

Келесі кезекте жобалау­шы кәсіпорын өкілдері жаңа жобаларын таныс­тыруға мүмкіндік алды.  Сол қатарда «БМК-АРХ проект» ЖШС жобалаған Алакөл жағалауындағы демалыс орны, «Барыс жоба» ЖШС жобалаған Талдықорған қаласындағы әкімшілік-іскерлік ғимаратының құрылысы, «АБ-М» ЖШС жобалаған Қарасай ауданындағы «Айша бибі» шаруа қожалығының құрылысы,  «Power Build Engineering» ЖШС жобалаған Талғар ауданындағы тұрғын үй кешені құрылысы, Панфилов ауданындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтас­тығы халықаралық орталығындағы «Grand proekt Engineering» ЖШС жобалаған қонақүй кешені, «Алим Сервис» ЖШС жобалаған сауықтыру кешені, «ПС АКЦЕНТ» ЖШС жобалаған сауда орталығының жобалары мен  «Bektop-Проект» ЖШС жобалаған Қапшағай қаласындағы құрылыстардың қасбетін қайта жөндеу жобалары көпшіліктің көңілінен шықты.

Басында осыған дейін де талай маманның алдынан өтіп, сансыз өзгерту мен түзету, толықтырудан өткен, әбден иі қанған жұмыстардың бізге кемшіліксіз сезілгені рас. Алайда, елімізге танымал сәулетшілер мен жобалаушылардың сынағына түскенде олардың кейбір олқылығы айқындалып, кемшілік жерлері белгілі болып жатты. Әсіресе, әр жобаның қала мен елді мекендердегі жол қауіпсіздігі ережесін сақтау мен елді мекеннің сәулетіне тигізетін кері әсері туралы сын- ескертулер берілді. Сондай-ақ, құрылыс жұмысы жүргізілген жағдайда аталған ескертулер бойынша жобаға түзетулер енгізу тапсырылды.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз