Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Жайдарман: Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі Жалын командасына бұйырды

Басқа ақпараттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елордада   Нұр-Сұлтан  қаласы  әкімінің кубогі  сарапқа салынды. Жайдарманшылар  арасындағы ойын  Бейбітшілік  және  келісім сарайында өтті. Республикалық  арнайы  жоба Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастар жылымен тұспа-тұс келіп отырған бұл ойын осымен 11- рет өткізілді.Бейбітшілік  және  келісім сарайында өткен ойынға әртүрлі лигаларда үздік  өнер көрсетіп жүрген  топтар  қатысты.  Бас-аяғы 17  команда  өзара әкім кубогына  таласты.  Оның  он  алтысы  отандық  командалар. Бауырлас Қырғыз  елінен  Ош командасы  қонаққа  келді.  Командалардың  арасында «Нұр-Сұлтан қаласы əкім кубогы» ойынына осымен бірнеше жыл қатысқан тəжірибелі топтар да бар.

Өнер  көрсеткен 17  құраманың  ішінен  ең үздігін  таңдау  қазылар  алқасына  оңайға  түспеді. Белгілі сатирик  Көпен  Әмірбек  бастаған әділ  қазылар ұтымды әзілі  мен  артында  салмақты ойы  бар, көпшіліктің  көңілінен  шығып өнер көрсеткен топтарға  басымдық  берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға жиналған  көрерменнің қарасы  қалың болды. Қазылар  алқасының  үздік ойыншы номинациясын Бүгін.Кз командасынан Нұрлыбек Жаппар иеленді. Жүлделі үшінші орынға Қырғызстанның сəлемін алып келген ОШ командасы лайықты деп табылса, екінші орын алматылық Ақпен бірге құрамасына бұйырды. Ал , бас жүлде, «Нұр-Сұлтан қаласы əкімінің кубогын» Жалын командасы иеленді. Жаңаөзендік жеңімпаз команда миллион тенгеге ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бар жанарды жаулаған Жайдарманның күзгі маусымы осы ойынмен шымылдығын түрді. Алда жайдарман сүйер қауымды таласты тартысқа, жан жадыратар əзілдерге толы ойындар күтіп тұр!

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз