Сеулдің орталығында қазақ ауылы пайда болды

499

Сеулде Корея үкіметі ұйымдастырған үш жылда алғаш рет Азия мәдени фестивалі өтті. Ашық концерттерге өңірдің жеті елінің өкілдері қатысты, бірақ көрме павильондарын тек Қазақстан мен Вьетнам ашты. Сеулде Астана мен Ханойдың дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы атап өтілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Азия фестивалі Сеулдің ең көп баратын орындарының бірі — Ханган өзенінің жағасындағы Йоидо саябағында өтті. Мұнда вьетнамдық және қазақстандық павильондар орнатылды. Үш күн ішінде бірнеше ондаған мың оңтүстік кореялықтар қазақ ауылында болып, дәстүрі және көрікті жерлерімен танысты.

Сеулдіктер саябаққа негізінен балалармен келді. Ауылда оларды Кореяның қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды. Қонақтарға бауырсақ пен шай ұсынылды. Балалар өз бетінше қағаздан киіз үй жасап, виртуалды түрде Шымбұлақта шаңғы теуіп, домбыра мен қобыздың үніне құлақ түрді.

Kaz.tengrinews.kz