Омикрон белгілері байқалса не істеу керек?

191

Омикронның негізгі белгілері қандай? Омикрон белгілері байқалса не істеу керек? Бұл туралы Sputnik.kz жазды.

Негізгі белгілері – бұлшықеттің ауруы, әлсіздік пен шаршау, жоғары температура, құрғақ жөтел, тамақ ауруы, бас ауруы, мұрыннан су ағу. Бұл жаңа штамм әдеттегі ЖРВИ сияқты көрінеді деп айтуға болады, – деді Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің маманы Тяжельников.

Ең алдымен ауру белгілері бар адам өзін оқшаулап, үйден шықпауы қажет. Ал емдеуді әдетте үйде болатын дәрілерден бастау қажет, мұндай дәрілер рецепсіз сатылады.

Дәрігердің айтуынша, температураны түсіретін дәріні тек дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда ғана ішу қажет.

Сондай-ақ тамақты, мұрынды тұзды ерітіндімен шаю қажет.

Ешқандай жағдайда дәрігер нұсқауынсыз антибиотик ішуге болмайды. Олардың вирусқа қарсы әсері жоқ, алайда ағзаға айтарлықтай жүктеме түсіреді.

Тамақ ауруынан соруға арналған дәрілер мен тамақты шаюға арналған спрейлер көмектеседі. Сондай-ақ дәрігер көп сұйықтық ішуге кеңес берді. Ал мәзірден майлы және тұздалған тағамдарды алып тастау керек.

Бұл уақытта лимон мен басқа да С дәруменіне бай жемістерге ауысқан жөн.