Вторник, 20 мая, 2025
No menu items!

ТЖ кезінде зардап шеккен дәрігерлерге 2 миллион теңге беріледі

Басқа ақпараттар

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өрт сөндірушілерге 2 миллион теңгеге дейін қаражат беріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Осы қиын күндерде қоғам зардап шеккендерге өтемақы төленетініне және қолдау көрсетілетініне сенімді болуы керек. Жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өртсөндірушілерге өтемақы төленеді», — деді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, ауыр жарақат алғандар екі миллион теңге, орташа жарақат алғандар — бір миллион, жеңіл жарақат алғандар — бес жүз мың теңге алады.

«Сондай-ақ, ТЖ кезінде жұмыс істеген құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі», — деп толықтырды Сағынтаев.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз