Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш елшілігі қай елде ашылған?

932

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы елшілігі қай елде ашылған? Қазақстанның тұңғыш дипломаты кім? Осы сұрақтарға Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы дипломаттарының бірі, Азия Кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Yesti Podcast-та жауап берді.

«Түркия тәуелсіздігімізді мойындаған алғашқы ел болғандықтан, Қазақстан өзінің тұңғыш елшілігін Түркиядан ашты. Оған дейін бізде ешқандай елшілік болған жоқ», дейді ол.

Сондай-ақ, Қайрат Сарыбай елшіліктің тұңғыш дипломаты болып барғанын мақтан тұтатынын айтты.

«Менің түрікше оқығаным бар, сондықтан әлі күнге дейін елшіліктің тұңғыш дипломаты болып барғанымды мақтан тұтамын. Ерлан Ыдырысов екеуміздің арамызда бір дау бар: тұңғыш дипломат мен бе, ол ма деген. Сөйтсе мен мамырда бекітіліппін, ал ол маусымда барған екен Нью-Йоркқа», дейді дипломат.