Бүгінгі таңда елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығының базасында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 1 500-ден астам бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта елордада жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие. Бос жұмыс орындарының көбі арматура маманы, құрылыстардағы әртүрлі жұмысшылар, бетоншылар, медицина қызметкерлері, әртүрлі санаттағы жүргізушілер үшін бар. Жалақы 80 мен 500 мың теңге аралығында.
Секторлар бөлінісінде, мысалы, құрылыс саласында смета инженерлері, учаскенің электриктері, прорабтар, шеберлер, құрылыс объектісіне әртүрлі жұмысшылар, тас қалаушылар, арматура маманы, бетоншылар, дәнекерлеушілер, электриктер, ӨТБ, энергетиктер инженерлері талап етіледі. Барлығы 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыс берушілер 100-ден 450 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады.
Сауда саласында сатушылар, кассирлер, сату жөніндегі менеджерлер, сауда өкілдері, ЖҚС операторлары, наубайшылар, кондитерлер үшін 130-дан астам бос жұмыс орындары бар.
Елордалық денсаулық сақтау саласына дәрігерлер, медицина қызметкерлері, санитарлар қажет.
Тамақтану орындары мен қонақ үйлерде аспазшылар, әкімшілер, бариста, прораб, даяшылар жетіспейді. Жұмыс үшін 80-нен 250 мың теңгеге дейін төлеуге дайынбыз.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының базасында әр түрлі санаттағы 73 жүргізуші бос жұмыс орны бар, жалақы 120-дан 500 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар автомеханиктер, дәнекерлеушілер, реттеушілер, құрастырушылар, монтаждаушылар, қалыптаушылар үшін барлығы 200 – ге жуық жұмыс орны бар.
Қаржы және сақтандыру қызметі саласында банк кассирлері, кредит менеджерлері, бағалаушылар, талдаушылар талап етілген. Соңғылары айына 350 мың теңгеге дейін ала алады.
Айта кету керек, Елордалық білім беру мекемелерінде 9 және 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Биыл олар қыркүйек-желтоқсан айларына жоспарланған, мұндай қолдауды 10 мыңға жуық оқушы көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Бейбітшілік көшесі, 9(ОӘД, 1-қабат) мекен-жайы бойынша орналасқан Қалалық жұмыспен қамту орталығынан, сондай-ақ www.enbek.kz электрондық еңбек биржасынан алуға болады.