Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» байқауы өтті

Басқа ақпараттар

Талдықорғандағы Оқушылар сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы үздік бейнероликтер, суреттер және инсталляциялар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған шараға мыңнан аса оқушы мен студент қатысты. Үміткерлер 50-ден аса бейнеролик пен 200 сурет өткізген.

Ғимарат дәлізінде үздік суреттерден көрме ұйымдастырылды. Жиналғандар бейнеролик байқауының іріктеу кезеңінен өткен, үздік жұмыстарды тамашалады. Бес номинация бойынша іріктелген бейнероликтер көрсетілімінен кейін, мінберге департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев шығып, «Үздік бейнеролик» және «Үздік сурет» номинациясының жеңімпаздарын жариялады. Талдықорған қаласындағы      Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының студенті Югай Александр «Үздік бейнеролик» атауы бойынша жеңіске жетіп, 100 мың теңгеге ие болды. Ал «Үздік сурет» бас жүлдесін «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Ангелина Витионова жеңіп алып, 50 мың теңгені иеленді.

Әрі қарай бейнероликтер санатындағы номинациялар бойынша марапаттаулар жалғасты. «Үздік сюжет» жеңімпаздары болып І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері Исмаил Ялкун және Амир Оратевтар анықталды. «Көрермен көзайымы» бейнехостингтің интернет пайдаланушылары анықтаған номинациясын Көксу ауданының      Қ. Жалайыри орта мектебінің оқушылары қанжығаға байлады. Жеңімпаздарды Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтап, ақшалай сыйлық табыс етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Қаратай «Үздік актерлық ойын» және «Үздік монтаж» номинацияларының жеңімпаздарын жариялады. «Үздік актерлық ойынды» Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің студенті Әсел Ботаева көрсетсе, «Үздік монтаж» номинациясы бойынша Ескелді ауданының Ж. Жақыбаева орта мектебі оқушыларының жұмысы бағаланды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында суреттер байқауының жүлдегерлерін марапаттау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Данияр Абдыбеков сахнаға көтерілді. Сурет байқауы бойынша екінші орынды иеленген Нинель Хрипунова мен үшінші орын алған Диас Жетпісбаевқа смартфон телефондар сыйлады.

Кеш соңы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның концерттік бағдарламасымен жалғасты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img