Суббота, 9 ноября, 2024
No menu items!

Жеке тұлғаларға жобасын жүзеге асыруы үшін грант берілетін білесіз бе?

Басқа ақпараттар

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Жобаларды басқару департаментінің басшысы Жасұлан Бисембиев қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың жобаларын гранттық қолдау жайлы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы ол Есен Елеукенге берген сұхбатында айтты.

«Қоғамдық ұйымдарды, олардың жобаларын қаржыландыру үшін жылма-жыл министрліктер, әкімдіктер қаражат бөледі. Көптеген шаралар, соның ішінде жастар шаралары, әлеуметтік жобалар сонымен жүзеге асады. Осы қолдаудың тағы бір тетігі — гранттық қолдау. Бұл тек қоғамдық ұйымдар болуы міндет емес, қазір бізде екі жылдан бері шағын гранттар деген бар. Ол жеке тұлғаларға. Белсенді азаматтар болса,  мысалы ол ауылда тұрады, өзінің ауылдастарын ұйымдастырып, ойын жүзеге асырғысы келеді. Мәселен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру: үйірмелер ашу жазғы уақытта, спорттық, интеллектуалды, т.б. Ол өзінің ойын жоба ретінде жазып, жолдаса бізде оған шағын грант беруге мүмкіндік бар», дейді ол.

Оның айтуынша, шағын грант көлемі — 500 мың-1 млн теңге. Маман осылайша әлеуметтік мәселелердің бір бөлігі шешілетінін атап өтті.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img