Белгілі актер Азамат Сатыбалды Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Ресми түрде келісу рәсімдерінің барлығы тәмамдалған соң Азамат Сатыбалдының Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалғанын хабарлаймын. Отандық мәдениеттегі орны бөлек оқу ордасын басқаруда абырой мен сәттілік тілеймін», – деп жазды министр.