Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы Telegram мессенджер платформасында JasProKrg ботын құрды. Бот жастарға жұмысқа орналасу, вакцинация, волонтерлік және дебаттық қозғалыстар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау және өзге де өзекті сұрақтарға жауап алуға көмектеседі.

Ай сайын бот жаңа ақпаратпен толықтырылады.

«Жастар үшін ақпараттың негізгі көзі әлеуметтік желілер болып табылатыны туралы нақты түсінік бар. Көбінесе олардың функционалдығы жарияланымдармен және түсініктемелерде хат алмасумен шектеледі. Жастарға түрлі бағыттар бойынша ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өткен жылдың көктемінде бот құрылды. Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Олардың қатарында облыс бойынша Жастар ресурстық орталықтарының байланыс деректерін ұсыну қызметі бар», – дейді Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжанов.

Пайдаланушылар бастапқы мәзірден оларды қызықтырған бөлімге өтіп, толығырақ ақпарат ала алады. Қазіргі уақытта бот волонтерлік қозғалысқа қосылуға мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің ерікті ұйымыңызды тіркей аласыз немесе бұрыннан бар ұйымға қосылуға болады.

Осы жерде қандай да бір іс-шараны өткізу үшін коворкинг-орталыққа өтінім қалдыруға болады

Басқарманың барлық ірі жобалары туралы ақпарат та жалпыға ортақ ұсынылып, онымен танысу үшін ыңғайлы орналастырылған. Олардың арасында Қарағанды облысы әкімінің гранттары да бар.

Біржан Әлімжановтың айтуынша, боттың негізгі қызметі жұмысқа орналастыру туралы бөлім болып табылады. «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға!», «Алғашқы жұмыс орны», «Жасыл ел», «Қоғамдық жұмыстар» жастарға уақытша да, тұрақты да жұмыс табуға мүмкіндік береді.

Боттың басты артықшылығы – оны пайдалану оңай, әрі мобильдік және жұмыс үстелінің барлық платформаларында қолжетімді.

Сондай-ақ, Telegram-да JasProKrg_chat құрылды. Онда сұрақ жолдап, мамандардың толық жауабын алуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат