Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Азия кубогында арабтар семейлік «Елім-ай клубын қалай аяқтан шалды?

Басқа ақпараттар

1995 жылы Азия кубогында өнер көрсеткен «Елім-ай» (Семей) клубы 2-ші раундта «Әл-Насрмен» (Сауд Арабиясы) жолығып, 40 000 жанкүйер жиналған сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіледі.

Ал қарымта ойын 27 қазан күні Семейде өтуі тиіс еді. Күз болса да, қыстан кем түспейтін қалаға кешігіп келген қонақтар белгіленген уақытта алаңға шықпай, ойынды ертеңге ауыстыруды сұрайды. Бірақ «Елім-ай» клубы стадионда 4-5 сағат күткен 20 мыңдай жанкүйердің бар екендігін айтып, бас тартады. Нәтижесінде «Әл-Наср» үйіне қайта ұшып кетеді. Қарымта ойын өтпесе де, Азия федерациясы 0:0 есебін тіркеп , келесі айналымға «Әл-Наср» клубын шығарыпты…

Бұл ойын жайлы Андрей Мирошниченко «Әл-Наср» клубы 2 ойынның да Сауд Арабиясында өтуге рұқсат сұрағанын айтқан. Бірақ Семей клубы келіспеген.

Ал «Әл-Наср» клубы қалған барлық ойындарын өз жерінде өткізіп, Азия кубогының күміс жүлдегері (🇰🇷Ильхва Чхунмадан 0:1 есебімен жеңілді) атанды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img