«Тұран» неге гол соқпайды? Ұзақ уақыт гол соқпаған клубтар қайсысы?

294

Футболдан «Тұран» клубы чемпионат басталғалы бері әлі гол соқпаған жалғыз команда! Олар 5 ойында қарсылас қақпасына тура 11 соққы бағыттаса да, гол сала алмай келеді.

Тіпті «Ордабасымен» өткен ойында қосалқы құрамдағы Максим Федин 1 эпизодты гол деп ойлап, алаңға шығып қуанған. Салдары регламенттік тәртіпті бұзғаны үшін, алдағы ойыннан шеттетілді.

БҰҒАН ДЕЙІН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ КІМДЕР ҰЗАҚ УАҚЫТ БОЙЫ ГОЛ СОҒА АЛМАҒАН?

2002 жыл. «Қайсар» бастапқы 6 турда гол соқпаған (1-турда техникалық жеңіліс алған)

1997, 1998 жыл. «Жігер» (Шымкент) бастапқы 5 ойында гол салмаған.

2004 жыл. «Тараз» — 5 ойын

2004 жыл. «Есіл-Богатырь» — 5 ойын

2008 жыл. «Атырау» — 5 ойын