Тараз шетіндегі каналда ағын су қып-қызыл түске боялды

Басқа ақпараттар

Тараз қаласының шетінде орналасқан каналдағы су кенеттен қып-қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Су түсінің мұндай өзгерісі аяқ астынан болғандықтан, оқиға орнына жедел түрде мемлекеттік органдар өкілдері барған, деп хабарлайды Jas.kz Krispmedia сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың бірі жағдайға алаңдаушылық білдірді:
«Каналмен жарты сағаттан бері осындай қызыл су ағып жатыр. Өте қанық қызыл. Бұл қан ба, әлде бояу ма – түсініксіз. Қорқынышты жағдай. Мұнда жеміс ағаштары өсіп тұр, соған алаңдаймыз», – деді ол.

Тұрғындар арасында түрлі болжамдар айтылуда. Соның ішінде каналдың жоғары жағында мал көмілген болуы мүмкін деген күдік те бар. Алайда бұл ақпаратты әзірге құзырлы органдар растамады да, жоққа да шығарған жоқ.

Оқиға бойынша ластану көзін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары Шыңғыс Ерғараевтың айтуынша, қазіргі уақытта қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.

«Қазір жұмыс тобы тиісті жұмыстарды атқаруда. Су сынамалары алынып, зертханаға жолданды. Барлық сараптамалардан кейін себептері белгілі болады», – деді ол.

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз