Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Іскерлік қатынастардың жаңа белесі

Басқа ақпараттар

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Еуразиялық іскерлік кеңес» коммерциялық емес серіктестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Олег Сосковецпен кездесіп, қос тарап сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ықпалдасу жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Кездесу басында өңір басшысы Ресей Федерациясынан келген меймандарға Жетісу өлкесінің инвестициялық тартымдылығын, өңірдің даму әлеуеті мен мүмкіндіктерін жан-жақты баяндап берді. Өз сөзінде облыс әкімі А.Баталов:

— Алматы облысы — еліміздегі ірі аграрлық өлкелердің бірі. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жетісулықтардың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне қолдау білдіруге, ауыл шаруашылығын дамытуға, соның ішінде өңірде қант қызылшасы, майбұршақ пен жүгері өсіруді жандандыруға үлкен көңіл бөлініп келеді. Сонымен қатар облысымыздың инвесторларға жасап жатқан мүмкіндіктерінің арқасында көптеген шетелдік ірі компаниялардың бірі өз кәсіпорындарын ашып жатса, енді бірі зауыттарының құрылысын жүргізуде. Соның ішінде ресейлік «Лукойл» және «Ролтон» зауыттары да бар, — деді. Сонымен қатар ресейлік бизнес өкілдері инвестиция құйып, зауыт салуға қызығушылық танытса, ұсыныстарын қарастыруға әзір екендіктерін білдірді.

Осыдан кейін сөз алған «Еуразиялық іскерлік кеңес» коммерциялық емес серіктестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Олег Сосковец өзінің осыдан алты жыл бұрын келгендегі көрген Талдықорған қаласы мен оның бүгінгі келбетінің айырмашылығын атап өтті.

— Мен төрағалық ететін ұйым Еуразия аумағындағы кәсіпорындар мен компаниялардың арасындағы сауда-экономикалық әріпстестікке негізделгендіктен, әрине, сіздердің шақыруларыңызды барынша тиімді пайдаланып, барлық мүмкіндіктерді жіті таразылап қайтатын боламыз. Адамдардың дәл бүгінгідей жүзбе-жүз кездесіп, бетпе-бет сөйлесуін интернет пен байланыстың ешбір өзге түрлері алмастыра алмайды. Сол себепті бүгінгі кездесуіміз қос тарапқа да нәтижелі болатындығына сенімдімін, — деді.

Кездесу соңында қос тарап өз сөздерін ынтымақтастық меморандумына қол қою арқылы бекітіп, келешекте бизнесті дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз