Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Жаңа жылда Ыстамбұлға баруды жоспарлаңыз

Басқа ақпараттар

Бәріміз жаңа жылда таңғажайыптың орындалғанын қалаймыз. Ал, ғажайыпты шындыққа ұластыру тек өзіміздің қолымызда. Бұл сұраққа басыңызды ауыртып, жауап таба алмай жүрсеңіз, Ыстамбұл қаласына баруды осы бастан жоспарлай беруге кеңес береміз. Неліктен десеңіз, мінекей 7 себеп:

Бағалар

Әңгімені үнемдеуден бастайық. Бұл қалада жаңа жылды үнемді өткізудің жолы көп. Өйткені, Түркия халқы жаңа жылды маңызды мереке деп есептемейді. Сол себептен бағалардың да мерекеге байланысты көтерілуі болмайды. Ұшақ билетін де күнделікті бағаға ала аласыз, сонымен қатар, түрік хамамдарының жеңілдіктері де бар. Әдетте, қыс мезгілінде демалыстың осы түріне көптеген жеңілдіктер жаслаады.

Түрік моншасы

Хамам демекші, нағыз түрік моншасын Түркиядан ғана таба аласыз. Бұл жерден бәрін таба алатыныңызға күмән болмасын. Тек, айқайлаған жарнамаларға сеніп, моншасымақтарға ұрынып қалмаңыз. Таңдау жасар алдында тексерілген, жергілікті халықтың сөзіне құлақ салуды ұмытпаңыз. Әдетте, ондай моншалардың бағалары да жоғары болмайды.

Қарбаластың болмауы

Түнде қала көшелерінде адам болмайды. Бірақ, қаланың әдемі түнгі көрінісі бар. Қыс мезгілінде суық болмайтын Ыстамбұлда кешқұрым мешіттердің ерекше аурасы мен теңізден ескен салқын самалда дем ала аласыз. Егер, қарбалас қалап, адам іздесеңіз, Таксим ауданынан іздегеніңізді табасыз. Көше әндері, би, ағылған адамдар мен «ерекше тұлғаларды» да осы жерден табасыз.

Сан жетпес кафелер мен мейрамханалар

Бұл демалысыңызда тамақ әзірлеп әуре болмаудың қажеті жоқ. Жаңа жылды Ыстамбұлдың мақтаулы мейрамханаларының бірінде қарсы алу мүмкіндігі туады. Оркестр орындауындағы жанды музыка, романтикалық атмосфера мен тәтті тағам іздесеңіз, Истиклял даңғылының бойынан шертіп жүріп таңдай аласыз.
Сонымен қатар, Галата көпіріндегі мейрамханалардан орынға тапсырыс беруге болады. Бұл жерде Босфор бұғазының әдемі көрінісі көріп, балық тағамдарының түр-түрінен дәм тата аласыз. Ең бастысы, мерекелік отшашуды тура осы жерден қараған дұрыс. Бірақ, орынға алдын-ала тапсырыс беруді ұмытпаңыз!

Босфор саяхаты

Бұл жаңа жыл мәңгі есіңізде қалсын десеңіз, екі материктің ортасында, кемеде қарсы алуға болады. Босфордың бойынан әдемі панорама, зәулім сарайлар мен Азия бөлігіндегі күйбең тіршілікті бақылап ләззат алыңыз. Саяхаттың дәл осы түрінен Ыстамбұл мешіттерінің суреттегідей көрінісін тамашалауға мүмкіндік бар. Күнбатыста қаланың алқызыл түске боялуы сізді шаһарға ғашық етері сөзсіз. Содан кейінгі пайда болатын миллиондаған қыр басындағы жарықтар ерекше мерекелік әсер сыйлайды.

Көңілді кештер

Демалысты клубта көңіл көтеру мен билеу деп түсінетіндер үшін қалада түнгі клубтың түр-түрі бар. Ыстамбұлдың танымал диджейлері, қызықты конкурстар, арнайы жаңа жылдық бағдарлама мен жеңілдіктер сіздің мерекеңізді ерекше көңілді етеріне күмән жоқ.

Көше тамақтары

Сан алуан мешіттер мен саябақтарды аралап жүріп, тамақтануға уақыт таппай жатсаңыз, стрит-фудтарға кеңес береміз. Бұл ерекшелік, қаланың бір бөлшегіне айналып та үлгерген. Қуырылған ет, бәліштер, балықтар; теңіз тамақтары мен кебаптармен жүрек жалғауға болады. Арзан әрі тез!

Суреттер интернеттегі ашық дереккөздерден алынды

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img