«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына» БИНОМ мектебі оқушылары келді

Басқа ақпараттар

Осы жылдың 21 қазаннында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК БИНОМ мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін «Ашық есік» күні өтті.

Орталық қызметкерлері сынақ зертханасында асфальтбетон қоспаларының, қиындылардың, битумдардың және басқа да жол құрылыс материалдарының сапасы қалай тексерілетінін көрсетті.

Ашық есік күні ЖАҰСО және БИНОМ мектебі арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — балаларға жолдың жай-күйі қалай анықталатынын көрнекі түрде көрсету және болашақ мамандардың кәсіби бағдарлануына ықпал ету. Мүмкін олардың біреуі автожол мамандығын таңдайтын болар.

Балалар Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында өткен танымдық экскурсиядан жағымды әсерлер мен эмоциялар алды.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз