Воскресенье, 13 октября, 2024
No menu items!

Германияда 10 есе арзан: Қазақстанда утилизациялық алым неге қымбат?

Басқа ақпараттар

Сарапшы, экономист Сәбит Рысбаев Қазақстанда утилизациялық алым мөлшеріне отандық автоөндірісті қолдауды қосып жіберген, сол себепті утилизациялық алым мөлшері тым үлкен деп есептейді. Сарапшы бұл пікірді Есен Елеукенге берген сұхбатында айтты.

«Қазақстанда утильсбор қымбат екенін барлығы біледі. Германияда, Жапонияда 40-50 мыңнан аспайтын салық Қазақстанда 487 мыңнан басталып, 6 миллионға дейін шығады. Жеңіл автокөліктерге қатысы барын ғана айтып жатырмын. Утилизациялық салыққа отандық автоөндірісті қолдау ретінде, яғни екеуін бір қосып жіберген.

Менің ойымша, екеуін бөлек алу керек, яғни утилизациялық салықты бөлек, отандық автоөндірісті қолдау-қорғауды бөлек қарастыру қажет. Бүкіл әлемде 40-50 мың тг екеніне де разымыз, жақсы біз де төлейік 40-50 мың теңгені, бірақ 1,5-6 млн емес. Әлі салықтың нақты мөлшері белгіленген жоқ.

Менің ойымша, жеңіл көлікке салынатын алым мөлшері 40-50 мың теңгеден аспауы керек, ал ауыл шаруашылығы техникаларына оның мүлдем қажеті жоқ. Утилизациялық алымның жоғары болуы кесірінен елде көлік бағасы тым қымбат«, дейді экономист Сәбит Рысбаев.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img