Среда, 2 апреля, 2025
No menu items!

Алматыда карантин шаралары жеңілдеді

Басқа ақпараттар

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

  • Спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге кіру – тек «жасыл» мәртебесі барларға, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға рұқсат етіледі.
  • Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, СОVID-19-ға қарсы қызметкерлерге вакцина және ревакциналау жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне көшіріледі.

2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап білім берудің келесі форматтары белгіленді:

— мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда);

— жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ):

Құжатта атап көрсетілгендей, оқыту меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан штаттық форматта өтетін болады:

жалпы білім беретін мектептерде-бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптарды қоса алғанда);

600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда);

600-ден астам оқушылар оқитын жалпы білім беретін мектептерде — мектептің жобалық қуатының 50%-ынан аспайтын жүктеме бойынша;

мектептен тыс ұйымдарда;

жоғары оқу орындарында, арнайы орта білім беру ұйымдарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн;

мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша.

Білім беру ұйымдары әкімшілігінің қалауы бойынша вакциналаудың толық курсынан өткен оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз