Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Томыртқа — қазақша коктейль

Басқа ақпараттар

Томыртқа — қыс айларында шөл басатын сусын.

Томыртқа сорпаның ерекше бір түрі. Дәмді астан кейін, сорпаны ортаға алып келіп, оны сораптап ішу — дастарқандағы әңгімені үстеуге керемет тәсіл болған.

Тойымды асты кейбірі айран қосылған сорпамен аяқтайтын болса, бірі майлы сорпаны қалап жатады. Ыстық сорпа сусындары ішіндегі ең ерекшесі томыртқа атымен белгілі. Ыстық, майлы сорпаның ішіне таза мұзды салып ішетін сусын томыртқа.

Елін, жерін сағынғанда «маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа» деген өлең жолдары сақталған. Бұл жол қай ақынның қамыққан кездегі сөзі екені белгісіз, бірақ томыртқа халық арасында кең таралған көрінеді. Қысқы майлы соғымның майлы сорпасының майын басу үшін және сорпаны тездетіп суыту үшін таза мұзды қосып ішу — дәстүрлі томыртқаның пайда болуына негіз болған.

«Томыртқалау» сөзі — ыстықты жылы ету деген мағынаны білдіреді. Яғни, томыртқа сусынын жылы сорпа екенін түсінуге болады. Өкінішке қарай, қазір томыртқа ұмыт қалды.

Шырақ Байкенова

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз