Ақтөбе облысында алтыншы сынып оқушысы суицид жасаған

Басқа ақпараттар

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы асылып қалған күйде табылды. Бала алтыншы сыныпта оқыған. Оқиғаның себептері әзірге белгісіз, деп хабарлайды Jas.kz QogamNews-ке сілтеме жасап.

Редакция ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінген. Ведомство қысқа ғана мәлімет берді: «Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда».

Алдын ала, ресми расталмаған деректер бойынша, көз жұмған бала 13 жаста болған. Ол толыққанды отбасында тәрбиеленген, ата-анасы жұмыс істейді. Бала да, отбасы да ешқандай есепте тұрмаған.

Қайғылы жағдай Ақтөбе облысындағы елді мекендердің бірінде түнгі уақытта болған. Аталған дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнында өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкіл де жұмыс істеуде.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз