Жалған құжат, миллиондар: Абай облысында фермер 250 млн теңге несиені жеке мақсатқа жұмсаған

Басқа ақпараттар

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Агробизнес» жобасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Jas.kz.

Аталған жоба фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталып, мал шаруашылығын және агробизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несиелер беруді көздейді.

Тергеу деректеріне сай, «Ыкыбай» шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдаланып, ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын екі несие алған.

«Алайда алынған қаражат мал шаруашылығын дамытуға емес, жеке мақсаттарға жұмсалған. Құжаттарда кепіл ретінде көрсетілген мүлік пен мал іс жүзінде сатып алынбаған. Мемлекетке келтірілген залал 211 млн теңгені құрады. Тергеу барысында күдікті келтірілген залалды толық көлемде өтеді.  Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық сақтау туралы бұлтартпау шарасы таңдалды», —  делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз