Жамбыл облысында мас күйде полициядан қашпақ болған мопед жүргізушісі 20 тәулікке қамалды

Басқа ақпараттар

Тараз қаласындағы Қ.Тұрысова көшесінде патрульдік қызмет атқару барысында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз жүрген мопед жүргізушісін байқаған. Полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талабына жүргізуші бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Алайда қысқа уақытқа тәртіп сақшылары оны ұстады.

Жүргізушімен сөйлесу барысында полиция қызметкерлері оның масаң күйде екенін байқап, медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, азаматтың орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы жоқ екені, яғни жүргізуші куәлігін мүлде алмағаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін заң аясында шара көрілді.

Сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Ал мопед арнайы айып тұрағына қойылды.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз