Басты бет Спорт Допинг💊 қабылдау сәнге айналды ма?

Допинг💊 қабылдау сәнге айналды ма?

Осыдан 2 апта бұрын әлемдік теннис жұлдызы, польшалық Ига Швентектің допинг қабылдағаны жайлы ақпарат көздері жарыса жазды.

Тыйым салынған препараттар ауыр атлетшілеріміз арасында да кеңінен танымал. Енді міне, ұлттық құрама хоккейшісінің басы дауға ілікті.

🏒«Торпедо» мен Қазақстан хоккей құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов үш жылға дисквалификациялануы мүмкін. Азия чемпионатында алынған допинг үлгісінде тыйым салынған препараттың іздері табылған. Алексейдің өзі атап өткендей, бірнеше жыл бұрын ол құрамында препараты бар спорттық қоспаны қабылдаған. Тыйым салынған зат ағзада 4 жылға дейін сақталады екен.

🇰🇿Қазақстан құрамасы мен Өскеменнің «Торпедосы» хоккейшінің ойыннан шеттетілгені туралы хабарлама алды. Қазіргі уақытта Зубов комиссияның соңғы шешімін күтіп отыр.

Exit mobile version