Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

ҰҚШҰ әскері елге кірді: Енді оның қандай саяси салдары болуы мүмкін?

Басқа ақпараттар

Көпвекторлы мемлекет саналып келген Қазақстан өз бағытынан тайып проресейлік бағытқа ауытқып кетуі мүмкін бе? Саясаттанушы  Асхат Қасенғали Есен Елеукенге берген сұхбатында Қазақстанға  ҰҚШҰ мемлекеттерінен келген көмектің қандай саяси салдары болуы мүмкін екенін тарқатып айтты.

«Қазақстанды осы күнге дейін көпвекторлы мемлекет деп атап келдік, ал ендігі таңда көпвекторлық бағытынан тайып, проресейлік бағытқа ауытқып кетуі мүмкін. Олар бізге қиын-қыстау кезеңде әскермен көмектескендіктен біз оларға былайша айтқанда «қарыздар» болып қалған сияқтымыз. Мысалы Армения мен Азербайжан арасында қақтығыс болып қалса, жағдай тынышталған жоқ білесіздер, Қазақстан қай жақты қолдауы мүмкін? Мына жақтан Армения жабық каналдармен мессендж жіберуі мүмкін, «біз қиын кезде әскерімізді жібердік, қай тарапты қолдайсыңдар?» деген сияқты.

Саясаттанушы енді бізге Ресейді әрдайым қолдауға тура келе ме деп алаңдайтынын жеткізді.

«Ресейдің Қырым, Украинамен мәселелері бар. Соған қатысты ертең БҰҰ-да дауыс беру кезінде Қазақстан қай тарапты қолдайды? Осы күнге дейін нейтрал позиция ұстанып келген Қазақстан Ресей тарапын қолдап қалуы мүмкін ба деген қорқыныш бар», дейді ол.

Сонымен қатар ол ең үлкен қауіп Беларусьтен болуы мүмкін екенін айтты.

«Ең қорқыныштысы, бұл жерде Беларусь. ҰҚШҰ мемлекеттерінің ішінде 3 даулы мемлекет бар, білесіздер: Ресей, Белорусь, Армения.

Неге Беларусь қауіпті? Себебі Беларусь мынадай ұстанымды ұстанып келе жатыр: ЕЭО кіретін елдер бізге салынған санкцияға бірлесе жауап беруі керек дейді: яғни Ресейге немесе Беларуське салынған санкцияға бірге жауап беруіміз керек, себебі бұл тұтастай ұйымның әлеуетіне әсер етуде дейді. Ал енді ертең дәл осындай ұсыныс жасаған кезде әскерін бізге жібергенін «міндетсініп» Қазақстанға сондай шарт қоюы мүмкін. Сондықтан осындай саяси қауіптер бар…», дейді Асхат Қасенғали.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз