«Омикрон» штамынан кейін пандемия аяқталуы мүмкін – ДДСҰ

279

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары «омикрон» штамы Еуропада пандемияның тоқтап қалуына әкелуі мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Телеграм каналы жазды.

«Вирустың бұл нұсқасы COVID-19 инфекциясын жаңа, соңғы фазаға ауыстырды. Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалуы әбден мүмкін», – деді ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге.

Оның пайымдауынша, «омикрон» штамы басылғаннан кейін Еуропада жаһандық иммунитет біраз уақытқа сақталады. Мұның себебі вакцинация мен аурудан сауыққаннан кейінгі ағзада болатын ішкі қорғаныс. Бірақ ешқандай жағдайда иммундау қарқынын төмендетудің қажеті жоқ екенін атап өтті.