Саясаттанушы Асхат Қасенғали Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көшеде 4 топ болғанын айтады. Оның айтуынша, митингте террористер мен бейбіт халықтан басқа тағы екі топ болған. Бұл туралы ол Есен Елеукенге берген сұхбатында айтты.
«Алматыдағы митингте 4 топ болды:
Біріншісі — бейбіт халық, шығып, ұрандарын айтып, қымбатшылыққа қарсылығын білдіріп, бейбіт негізде, конституциялық құқықтарын пайдаланып, өзінің ұсыныстарын айтқысы келген топ.
Екінші топ — арандатушы топ, мелекетті басып алып, төңкеріс, өзгеріс жасағысы келген топ.
Үшінші топ — осындай жағдай болып жатқан кезде осы сәтті пайдаланып, ұрлық, қарақшылық, «мародерлікпен» айналысып қалған топ.
Төртінші топ — қызығушылықпен шыққан адамдар тобы, көбінесе жастар, көшеде не болып жатыр, қандай сипатта болады деген оймен шыққан адамдар, ешқандай мақсаты, көзқарасы жоқ топ», дейді Асхат Қасенғали.
Оның айтуынша, осы қалған екі топ билікті төңкеріп тастағысы келген топтың, «мародерлардың» құрбаны болып кетті.