Понедельник, 7 июля, 2025
No menu items!

SIM-картаны қаншалықты жиі ауыстыру қажет?

Басқа ақпараттар

Yota телекоммуникациялық компаниясының сарапшысы Григорий Лысенко байланыс сапасы жақсы болуы үшін SIM-картаны қаншалықты жиі ауыстыру керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшының айтуынша, тозған SIM-карталар істен шығуы мүмкін.

«Бұл деректердің жоғалуына және ұялы байланыс сапасының төмендеуіне қауіп төндіреді. SIM карта компьютердің немесе смартфонның қатты дискісі сияқты, оның да жады бар. Сол жерде деректер сақталады. Жаңа ақпарат картаның жадына жүктеліп, ескі ақпарат жойылған кезде телефонның бұл элементі тозады», — деді ол.

Ол бұл үшін 10-15 жыл кететінін айтты. Бірақ кейде құрылғы иелерінің жаңа SIM карталары ертерек ескіреді.

«Клиенттердің SIM-карталарды ауыстыруының көптеген себебі бар. Негізгісі — байланыстың болмауы. Смартфонның барлық ішкі параметрлері дұрыс орнатылғанына қарамастан, SIM картасын желіде тіркеу мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда SIM-карта да өзгереді», — деді Лысенко.

Мұның алдын алу үшін сарапшы әр төрт-бес жыл сайын SIM картаны алмастыруға кеңес береді.

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз