Білім және Ғылым министрлігінің аппарат жиынында қаңтар ҰБТ-сының қорытындылары қаралды.

Қаңтар ҰБТ-сына 101 600 оқушы қатысты. Ең жоғары балл – 135. Орташа балл – 67,61. Тестіленушілердің 69,4%-ы шектік деңгейден артық балл жинады.

«ҰБТ-ны толық электронды форматқа көшірудің нәтижесінде енді әр оқушыға  жеке тақырыптық сараптама жасалады. Оның қорытындысы әр баланың жеке кабинетінде сақталады.

Сондай-ақ аппарат жиынында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының жұмысын бақылау нәтижесі мен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы қаралды»,  делінген хабарламада.