«99 жылға дейін ол басқа болған»: Назарбаевты «суперпрезидент» дәрежесіне жеткізген кім?

1313

«ХАҚ» қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева Елбасыны «суперпрезидент» дәрежесіне, Қазақстанды авторитарлық жүйеге әкелген адамдардың атын атады. Бұл оймен ол Есен Елеукенге берген сұхбатында бөлісті.

Оның айтуынша, Елбасы 1999 жылға дейін мүлдем басқа адам болған, ол сол кезге дейін лидер болған. Бірақ 1999 жылдан кейін өзгеріп кеткен.

«Назарбаевты сондай дәрежеге жеткізген әрине өзіміз. Мен авторларын да білемін, мысалы. Мен ол кісілерді сыйлаймын, өте ойшыл және ақылды адамдар. Бірақ осындай бізді авторитарлық жүйеге әкелген адамдардың атын да айтамын. Ол — Тажин және Алтынбек Сәрсенбаев. Өйткені сол кездегі барлық партияларды Отанға кіргізді. Біз либералдық қозғалыс кірмейміз деп арыз жаздық. Басқа партиялардың бәрін қораға кіргізгендей кіргізді және сол ой Алтеке мен Тажиндікі болған. Және Конституцияға 99 жылы енгізілген бүкіл авторитарлық өзгерістер, «суперпрезиденттік ел» жасағандар осы Алтеке мен Марат Тажин.

Есен Елеукеннің «бұл сіздің ойыңыз ба или ол солай ма?» деген сауалына Тоғжан Қожалиева былай деп жауап берді.

Сол кезде аналитиктер солар болған. Әрине қазір ренжімесін, бірақ факт сол.