Алматыда аялдамада 66 жастағы әйелге шабуыл жасалды: күдікті ұсталды

Басқа ақпараттар

Алматының Бостандық ауданындағы автобус аялдамасында егде жастағы әйелге жасалған қатыгез шабуылдың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Jas.kz ZTB телеграм каналына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуыл жасаған адамның психикалық ауруы болуы мүмкін.

Бейнежазбаны жәбірленушінің қызы жариялаған. Оның сөзінше, белгісіз жас жігіт айналада адам аз болған сәтті пайдаланып, 66 жастағы әйелге артынан келіп, еш себепсіз аяусыз соққыға жыққан.

«Ол артынан келіп, еш себепсіз анамды қатты ұра бастады. Әдейі айналада адам аз болған сәтті күткен. Қазір анам ауруханада, жағдайы ауыр. Бұл видеоны көру қиын, бірақ оны көпшілік білуі керек. Мен мұны қаралым үшін емес, адамдар хабардар болуы үшін жариялап отырмын», — деді жәбірленушінің қызы.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілген, жағдайы ауыр деп бағалануда. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз