Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Маңызды мәселелер қарастырылуда

Басқа ақпараттар

Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына жуырда дәрігерлік амбулатория мен полиция пункті қызмет көрсететін болады. Облыс әкімі А. Баталов тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, аталмыш нысандардың құрылысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов осы мәселеге байланысты Қарасай ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты.

Облыстық құрылыс басқармасының хабарлауынша, полиция пункті үшін алаңы 75,1 шаршы метр болатын арнайы ғимарат сатып алынған. Жоба қазіргі кезде сараптамадан өтуде. Тағы бір маңызды нысан – дәрігерлік амбулатория үшін де алаңы 400 шаршы метрлік ғимарат алынып, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Алдағы уақытта кешен аумағынан мектептің құрылысын жүргізу де жоспарда бар. Әзірге биылғы жаңа оқу жылында бұл кешеннің оқушылары жақын маңда тұрған Іргелі ауылындағы салынып жатқан мектепке бара алады. Іргелідегі 1200 орынға арналған мектеп тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар тұрғын үй кешеніне кіріп-шығатын қолданыстағы жолдың біреу ғана болуы да — тұрғындар үшін қиындық туғызып отырған мәселе. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен алдағы уақытта кешен тұрғындары үшін тағы бір жол салынатын болады.

Ауданға сапары барысында Л. Тұрлашов жол жиегіндегі қызмет көрсету нысандарының орналасу заңдылығына, құрылыс талаптарына сәйкестігіне, сыртқы келбетіне назар аударып, талапқа сай келмейтін нысандардың иелеріне ескерту жасады. «Алматы — Жандосов» жоғарғы трассасынан бастап Үшқоңыр ауылындағы, сол сияқты «Алматы — Бішкек» төменгі трассасындағы нысандар, аралаумен жалпы саны 38 нысан қамтылды.

Л. Тұрлашов жол бойындағы қызмет көрсету ісін дамыту қажеттігін, бірақ бұл орайда барлық заңдылық талаптары сақталуы тиістігін ескертті.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img