Воскресенье, 13 октября, 2024
No menu items!

Елордадағы аламан бәйгеде Алматы облысының сәйгүлігі топ жарды

Басқа ақпараттар

ЕXPO — 2017 халықаралық  мамандандырылған көрмесі аясында Астанада өткен  Атырау   облысының   күндері аламан бәйгемен қорытындыланды.

Бәйге түрлерінен республикалық EXPO — 2017 кубогы деп аталған  шарада   құнан жарыс,  жорға және аламан  бәйге  ұйымдастырылды.

Елорда төрінде өткен бәйге­ге жалпы саны 105 жүйрік қатыст­ы­рыл­ды. Соның ішінде 21 жор­ға, 32 құнан бәйгеге қатысса, ала­ман бәйгеде 62 жүйрік бақ сынады. Республикалық жа­рыс­­қа еліміздің 14 облысы мен Астанадан, Алматыдан кел­ген шабандоздар қатысты. Жарыс­тың жалпы жүлде қоры 55 млн теңгені құраған.

Алдымен «Қазанат» иппо­дро­­мына еліміздің түрлі өңір­ле­­рінен келген жас тұлпарлар шықты. Жүйірік құнан мінген жасөспірімдер 7 шақырымдық бәйге жолына шықты. Құнан бәйгесіне Атыраудан — 4, Алматы қаласынан — 5, Астанадан — 4, Ақ­мола облысынан — 4 құ­­нан, өзге облыстардан тиі­сін­ше бір-екіден сәйгүліктер қа­ты­­стырылды. Бес айналымнан тұ­ратын бәйгеде Жамбыл об­лы­­сы, Қордай ауданының шабандозы Ділмұхамед Жолаушы мінген құнан көмбеге бірінші болып жетті. Сөйтіп, жарысты ұйым­дастырушылар бәйгеге тік­кен 7 млн теңгені олжалады. Екінші орын­ға ие болған қарағандылық Айхан Төлегеновке 4 млн, үшінші болған Асхат Әлімжанға 2,5 млн, төртінші келген жам­былдық Азат Әбиірге 1 млн, алғашқы бестікке кірген алматылық шабандоз Жұ­ма­­­тай Ақжолға 500 мың теңге сый­лық берілді.

Әр жарыстың арасында теңге ілу, жамбы ату сынды ұлттық спорт түрлерінен сахналық көріністер қойылған жарыстың келесі бөлі­гі жорға бәйгесіне арналған еді. Кілең төкпе жорғалар қатыс­қан бәйгенің қашықтығы 5 шақырым­ды құрады. Жиырма бір жорға тайпала жарысқан бәйгеде қара­ған­­­дылық Айхан Төлегенов бас жүл­­дені иеленіп, бәйгеге тігілген 3 млн теңгені олжалады. Осы тұс­­та бұл шабандоздың құнан бәй­гесіне де қатысып, екінші орын алғанын айта кеткен жөн. Қатарынан екі бәйгеге қатысқан шабандоздың төзімділігіне жан­кү­йер­лер қол соқты. Ал жорға жары­­сының екінші орны шы­­ғысқазақстандық Виталий Ре­ри­х­ке бұйырып, оған жарысты ұйым­дастырушылар 1,5 млн теңге тап­сырды. Үшінші орын алған ақмолалық шабандоз Дмитрий Волков 1 млн, төртінші орын ал­ған алматылық Жарылқасын Са­базбеков 700 мың, бесінші орын ал­ған астаналық Е.Чибисов 500 мың теңге сыйлыққа ие болды.

Ал EXPO — 2017 кубогы үшін ұйымдастырылған жарысты ала­ман бәйге түйіндеді. 21 шақырым қа­шықтыққа жалпы саны 62 тұл­пар жіберілді. Олардың тек қы­рық­т­айы ғана белгіленген 21 шақырым қашықтықты толық ша­уып өтіп, көмбеге жетті. Аламанда Алматы облысының шабандозы Диас Жұмаш топ жарып, бас бәйгеге тігілген 13 млн теңгені олжаласа, екін­ші болып тағы да Алматы облы­сының жүйрігі келді. Оны мін­ген Ербол Замудинұлына 7 млн теңге берілсе, үшінші орын ал­ған павлодарлық Ибрагим Бө­бек­байға 5 млн теңге, төртінші келген Алматы облысының ша­бан­д­озы Дінмұхамед Бөбекбайға 3 млн теңге, бесінші орын алған Кирилл Застежкоға 2 млн теңге сыйлыққа ие болды.

Саятшылар құстарын, аңшы­лар тазылары мен төбеттерін та­ныстырып, каскадерлар теа­тр­­л­ан­­­­дырылған көрініс қойған, сөй­­тіп ат десе делебесі қозатын жан­күйерді шат-шадыман күйге бөлеген жарыстың соңында жеңімпаздар мен жүлде алған шабандоздарға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Атырау облысының әкімі Нұрлан Но­ғаев­тар ие бол­ған бәйгелерін тапсырып, марапаттады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img