Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысындағы фермерлер Ұлт жоспарын орындауға үлес қосып отыр

Басқа ақпараттар

Елбасының «100 нақты қадам 5 институционалдық реформасында» жүктелген міндеттер Алматы облысында байыпты орындалып келеді. Аграрлы аймақта Ұлт жоспарының 60-61-қадамдарында көрсетілген шикізат базасын қалыптастырып, өнімді экспорттап және ауылдық коперативтерді құру ісінде ілгерілеушілік бар. Бұған Жамбыл ауданы, Жайсаң аулында қосалқы шаруа қожалықтарының бірігіп, тірлік етуі дәлел.

Көп түкірсе — көл деген қазақ мәтелі бүгінгі ауылшаруышылық коперативін құру бағдарламасын сипаттайтындай. Өйткені қосалқы шарушылықтар бірігіп, ортақ тірлік етіп, еңбек табысын да бірдей бөліседі. Бұл орайда ақсеңгірлік шаруа қолашықтардың айтарлықтай жетістігі бар.

Жайсаңда өз кәсібін өзі дөңгелетіп жатқан қосалқы шаруашылықтардың саны 70-тен асады. Енді олар бірігіп кооператив құруға ниетті. Сонда субсидия мен жеңілдетілген несие алуға мол мүмкіндік ашылмақ.

Ауылда бау-бақша, егін мен мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Мысалы қосалқы шаруашылық деңгейінен асыл тұқымды шаруа қожалығы дәрежесіне көтерілген «Қасабаев» қожалығы өсу мен өркендеудің үлгісі.  Қазір қожалықта жылқы да, биязы етті-жүнді меринос қошқарлары да бар. Ауыл азаматтарының айтуынша кооператив құруға ешкім қарсы емес. Тек оның артықшылығын түсіндіру керек. Әрбір қосалқы шаруашылықтың әлеуетін ескере отырып еркін дамуына жол ашуға коператив мүмкіндік береді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img