Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Жетісу Алатауында маусымдық бақылау бекеттері ашылды

Басқа ақпараттар

22 шілдеде «Қазселденқорғау» ММ Алматы облыстық пайдалану басқармасының қызмет көрсету аумағында, Жетісу Алатауының Қорғас өзені алабындағы №2 «Қапқан» көлінде және Сарқан өзені алабындағы «Ақкөл» мұздақты-мұздықты көлдер кешінінде маусымдық бақылау бекеттері ашылды.

Қорғас өзені алабында көлдерді қайта жүйелендіру және паспорттандыру мәліметтері бойынша – 51 мореналық және үйінді көлдер тіркелген. Қорғас өзенінде жыл сайын жоғары өтімді су тасқындары бақыланады. Ал 2006, 2010, 2011 жылдары апатты тасынды-сулы сел тасқындары туралы мәліметтер тіркелген.

Жанар Райымбекова, «Қазселденқорғау» ММ төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныш құрылыстарын пайдалану бөлімінің бас инженері:

— Алдағы жылдарда, сел тасқындарын болдырмау және республикалық «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын қорғау мақсатында Қорғас өзеніне Шұқырбұлақ саласы келіп қосылатын жерде селденқорғау бөгетінің құрылысын салу жоспарлануда. Ал жоғарыда аталған 2 маусымдық бекет ауа-райы жағдайын, су температурасын, су өтімін және көлдердегі су деңгейіннің өзгерісін бақылап, тәулігіне үш рет Алматы қаласындағы бас диспечерлік пунктке мәліметтерді беріп отыратын болады. «Қапқан» және «Ақкөл» көлдерінде сел қаупінің алдын алу мақсатында су деңгейін төмендету, көлдердегі эвакуациялық каналдарды тереңдету бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, су деңгейін төмендету үшін қосымша сифондар да жұмыс істеп жатыр. Ал, Қазгидрометтің дауылды ескертуіне сай, 26-30 шілде аралығында ауа температурасының жоғарылауына байланысты мореналық көлдердің және кейбір өзендердің сулылық режимінде өзгерістер болуы мүмкін.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img