Вторник, 8 июля, 2025
No menu items!

Еуропа чемпионаты: Қазақстан Финляндияны ірі есеппен жеңді

Басқа ақпараттар

Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

B тобындағы екінші матчта жерлестеріміз Финляндия құрамасымен кездескен еді. Кака шәкірттері екінші таймның бел ортасында қарсыласынан 1:2 есебімен ұтылып жатқан. Әйткенмен, капитан Игита таразы басын теңестіріп, сосын Арнольд Кнауб дубль авторы атанды. Матчтағы екінші голын соққан Біржан Оразов есепті 5:2 қылды. Ал, матч нүктесін Азат Валиуллин қойды. Қорытынды есеп — 6:2!

Италия мен Словения тең түсіп, Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен көш бастады. Ал, аталған екі құрамада екі ұпайдан болса, финдардың еншісінде бір ұпай ғана. Екі матчтан кейін қазақстандықтар 10 доп соғып, өз қақпасына алты гол жіберіп алды. Бүгін екі мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапқан Біржан Оразов чемпионаттағы үшінші добын еншісіне жазып, команданың қазіргі таңдағы үздік сұрмергені. Сондай ақ, Дуглас және Арнольд Кнаубта екі голдан.

Соңғы матчта Қазақстан құрамасы Италиямен, Финляндия Словениямен кездеседі.

Финляндия — Қазақстан 2:6 (1:1)

Гол соққандар: Хосио 13 (1:0), Оразов 18 (1:1), Корпела 24 (2:1), Игита 25 (2:2), Кнауб 29 (2:3), Оразов 32 (2:4), Кнауб 34 (2:5), Валиуллин 40 (2:6).

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз