Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин 2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өскенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тұрғын үй және құрылыс материалдары нарықтарындағы бағаларды тежеу жөніндегі шаралар кешені іске асырылды.

«2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өсті. Негізгі өсім қаңтар айында 3% болды. Бағаның төмендеуі туралы 15 хабарлама жолданды. Оның 14-і орындалды. 1 тергеп-тексеру тағайындалды», – деп түсіндірді Серік Жұманғарин қабылданған іс-шаралар туралы.

Агенттік төрағасы баяндағандай, ірі компаниялар Базис, Би Ай Групп, Рамс және өңірлік құрылыс салушылар бағаны 7-ден 20 пайызға дейін төмендетті. Нәтижесінде ай сайынғы бағаның өсу қарқыны қараша айында 0,6%-ға дейін төмендеді.