Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Қырғызстан олимпиадалық құрамасынан жолдастық кездесуде басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қос құрама бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде қазақстандық Арсен Буранчиев 54-минутта есеп ашса, 89-минутта Мирас Тұрлыбек қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұл қазақстандық футболшылардың Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті ойыны алдындағы дайындығы болмақ.

Жастарымыз іріктеу турнирінде I тобында Бельгия, Дания, Шотландия және Түркиямен сынға түсуде.

Енді олар 29 наурызда Шотландия жастарымен кездеседі.