Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, талапкерлердің 65% шекті балл жинаған.

Орташа балл – 65, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.

Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді.

74,2% – қазақ тілінде

25,6% – орыс тілінде

0,2% – ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Айта кетейік, ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеген. Олар:
🔹«Математика-Физика» (25%),
🔹«Химия-Биология» (17%).
🔹Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасын таңдауға болады.