Басты бет Жаңалықтар Футболдан Қазақстан жастар құрамасы қырғызстандықтарды жеңді

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы қырғызстандықтарды жеңді

Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Қырғызстан олимпиадалық құрамасынан жолдастық кездесуде басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қос құрама бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде қазақстандық Арсен Буранчиев 54-минутта есеп ашса, 89-минутта Мирас Тұрлыбек қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұл қазақстандық футболшылардың Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті ойыны алдындағы дайындығы болмақ.

Жастарымыз іріктеу турнирінде I тобында Бельгия, Дания, Шотландия және Түркиямен сынға түсуде.

Енді олар 29 наурызда Шотландия жастарымен кездеседі.

Exit mobile version