Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
Оның айтуынша, талапкерлердің 65% шекті балл жинаған.
Орташа балл — 65, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.
Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді.
74,2% — қазақ тілінде
25,6% — орыс тілінде
0,2% — ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Айта кетейік, ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеген. Олар:
🔹«Математика-Физика» (25%),
🔹«Химия-Биология» (17%).
🔹Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасын таңдауға болады.