«Отбасы Банк» банк бөлімшесіне бармай депозит ашудың 4 тәсілін ұсынады.

1. Отбасы Банкінің мобильді қосымшасы арқылы депозитті Онлайн ашу📲

Депозит ашу үшін смартфон және жақсы интернет болуы жеткілікті.

Otbasy bank – мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп алыңыз да, арманыңызға қарай алғашқы қадамыңызды жасаңыз.

Жұмыс күндері сағат 9:00 – 21:00 аралығында.

2. HCSBK.KZ сайтының оң жағындағы видеокамераның суретіне басыңыз 💻

Үйден шықпай-ақ банк менеджерінен бейне қоңырау арқылы шот ашуға болады.

Жұмыс күндері сағат 9:00 – 20:00 аралығында.

3. Отбасы Банкінің кеңесшісі арқылы депозит ашу🤵 🤝

Ақша жинақтау сияқты жауапты істе қолдау мен жеке кеңес қажет ететіндер үшін – Отбасы банкінің кеңесшілері ең жақсы ұсыныс. Кеңесші Сізге ыңғайлы кез-келген жерде депозит ашып қана қоймай, ең тиімді бағдарламаны таңдап, алдын-ала төлемді есептеп, несиелік өтінімді қабылдай алады.🤝

Кеңесшілер тізімін www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімінен табуға болады.

Аптаның 7 күні бойы сағат 9:00 – 21:00 аралығында.

4. 💌 Қазпошта бөлімшелерінде

Егер сізге Қазпошта бөлімшелері ыңғайлы әрі жақын жерде орналасса – депозитті осындай жолмен де аша аласыз!

Жұмыс күндері сағат 9:00 – 18:00 аралығында.

Айта кетейікғ 1 маусымнан бастап Отбасы банк бөлімшелерінде депозит ашу операциялары жүргізілмейді.