Қартаймайтын Чиншало. Осы кезге дейін Чиншало өз қарсыласынан неше келі озған?

437

2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтыннан айырылған спортшылардың арасынан өзінің мықтылығын дәлелдеп келе жатқан 1 ғана спортшы – 28 жастағы Зүлфия Чиншало кезекті мәрте ел чемпионы атанды.

🇬🇧2012 жыл — 53 келіде қос жаттығу бойынша 226 келіні көтерген еді.
🇰🇿2022 жыл — 59 келіде қос жаттығу бойынша 223 келіні көтерді.

ЗҮЛФИЯ ЧИНШАЛО 2-ОРЫН АЛҒАН ҚАРСЫЛАСЫНАН НЕШЕ КЕЛІ ОЗҒАН?

📍2009 жыл. 58 келі. 17 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 217 келі (90+127)
🥈Светлана Черемшанова — 200 келі (90+110)
📍2018 жыл. 55 келі. 68 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 202 келі (87+115)
🥈Ақмарал Үргешбаева — 134 келі (58+76)
📍2020 жыл. 59 келі. 44 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 212 келі (91+121)
🥈Махаббат Серікболқызы — 168 келі (77+91)
📍2021 жыл. 59 келі. 49 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 214 келі (92+122)
🥈Нұржан Аяжан — 165 келі (75+90)
📍2022 жыл. 59 келі. 51 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 223 келі (95+128)
🥈Алтынай Тәңірбергенова — 172 келі (74+98)

БҰЛ НӘТИЖЕМЕН ОЛИМПИАДАДА НЕШІНШІ ОРЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?

🇯🇵Былтыр өткен Токио Олимпиадасында 59 келңде Тайвань спортшысы Го Синчжунь қос жаттығуда 236 келіні көтеріп, чемпион атанған.

🇯🇵🇰🇿🥉Ал Зулфия Чиншало 55 келіде 213 келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Яғни, ауыр атлетшіміз 8 айда өз көрсеткішін 13 келіге дейін арттырған!

ЕЛІМІЗДЕ АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОЛИМПИАДА ДА ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЕҢ ЕГДЕ СПОРТШЫМЫЗ КІМ?

🇺🇸1996 жылы 33 жастағы Анатолий Храпатый күміс жүлде алған. Ал 28 жастағы Зулфия әлі өз бабында…

🇰🇿ЗҮЛФИЯ ЧИНШАЛО ЕҢ ҮЗДІК НӘТИЖЕСІН ҚАШАН КӨРСЕТКЕН?

2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Зулфия Чиншало қос жаттығуда 232 (98+134) келіні көтерген.

P/S: Елімізде кеңінен дамыған спорттың бірі болса да, ауыр атлетикадан өтетін ел чемпионаттарының өткен мұрағаты интернетте (ауыр атлетика федерациясының сайтында да толық емес және ұсынғылары келмейді) сақталмапты…