Басты бет Спорт Қартаймайтын Чиншало. Осы кезге дейін Чиншало өз қарсыласынан неше келі озған?

Қартаймайтын Чиншало. Осы кезге дейін Чиншало өз қарсыласынан неше келі озған?

2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтыннан айырылған спортшылардың арасынан өзінің мықтылығын дәлелдеп келе жатқан 1 ғана спортшы — 28 жастағы Зүлфия Чиншало кезекті мәрте ел чемпионы атанды.

🇬🇧2012 жыл — 53 келіде қос жаттығу бойынша 226 келіні көтерген еді.
🇰🇿2022 жыл — 59 келіде қос жаттығу бойынша 223 келіні көтерді.

ЗҮЛФИЯ ЧИНШАЛО 2-ОРЫН АЛҒАН ҚАРСЫЛАСЫНАН НЕШЕ КЕЛІ ОЗҒАН?

📍2009 жыл. 58 келі. 17 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 217 келі (90+127)
🥈Светлана Черемшанова — 200 келі (90+110)
📍2018 жыл. 55 келі. 68 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 202 келі (87+115)
🥈Ақмарал Үргешбаева — 134 келі (58+76)
📍2020 жыл. 59 келі. 44 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 212 келі (91+121)
🥈Махаббат Серікболқызы — 168 келі (77+91)
📍2021 жыл. 59 келі. 49 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 214 келі (92+122)
🥈Нұржан Аяжан — 165 келі (75+90)
📍2022 жыл. 59 келі. 51 келі айырмашылық.
🥇Зүлфия Чиншало — 223 келі (95+128)
🥈Алтынай Тәңірбергенова — 172 келі (74+98)

БҰЛ НӘТИЖЕМЕН ОЛИМПИАДАДА НЕШІНШІ ОРЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?

🇯🇵Былтыр өткен Токио Олимпиадасында 59 келңде Тайвань спортшысы Го Синчжунь қос жаттығуда 236 келіні көтеріп, чемпион атанған.

🇯🇵🇰🇿🥉Ал Зулфия Чиншало 55 келіде 213 келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Яғни, ауыр атлетшіміз 8 айда өз көрсеткішін 13 келіге дейін арттырған!

ЕЛІМІЗДЕ АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОЛИМПИАДА ДА ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЕҢ ЕГДЕ СПОРТШЫМЫЗ КІМ?

🇺🇸1996 жылы 33 жастағы Анатолий Храпатый күміс жүлде алған. Ал 28 жастағы Зулфия әлі өз бабында…

🇰🇿ЗҮЛФИЯ ЧИНШАЛО ЕҢ ҮЗДІК НӘТИЖЕСІН ҚАШАН КӨРСЕТКЕН?

2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Зулфия Чиншало қос жаттығуда 232 (98+134) келіні көтерген.

P/S: Елімізде кеңінен дамыған спорттың бірі болса да, ауыр атлетикадан өтетін ел чемпионаттарының өткен мұрағаты интернетте (ауыр атлетика федерациясының сайтында да толық емес және ұсынғылары келмейді) сақталмапты…

Exit mobile version