Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Алматы облысы: халықты оқыту

Басқа ақпараттар
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің өмірі мен деңсаулығын әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан қорғауға құқығы бар. Адам қорғану үшін әртүрлі төтенше жағдай туындаған сәтте тиісті іс әрекет тәртіптері мен ережелерді білу тиіс. Осы үшін оған азаматтық қорғау іс-шараларына қатысу, оқыту және дайындықтан өту, өзінің білімі мен тәжірибесін жетілдіру қерек.
Осыдан шығатыны Азаматтық қорғаудың бірінші кезектегі тапсырмасы халықты оқыту болып табылады. Осыған орай ағымдағы жылдың маусым айының 19-і мен 23-і күндері аралығында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Балқаш ауданында жылжымалы тәсілмен сабақтар өткізді. Аталған сабақтар барысында 12 санаттан тұратын жалпы саны 211 тыңдаушы қамтылды.
Алдағы уақыттарда азаматтық қорғау саласында іс-шараларды жетілдіру үшін ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау қызметтеріне, әртүрлі шаруашылық нысандарға және оқу орындарына Азаматтық қорғанысты жүргізу бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмектер көрсетті, сонымен бірге 800 данадан аса жаднамалар, брошюра мен плакаттар таратылып берілді.
Төтенше жағдайға дайындалу керек, туындаған кезде тиісті іс-әрекеттерді білу және оны орындау үшін жаттығу кажет.
Естеріңде болсын, егер сіздер төтенше жағдайға туындамай тұрып өз іс-әрекетіңізді алдын ала пысықтасаңыз, іс-әрекет жасау мүмкіндігіңізбен, сабырлықты сақтау оңай болады.
Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз