Атырау прокуратурасы мемлекетке құны 700 млн теңгеден асатын мүлікті қайтарды

Басқа ақпараттар

Атырау прокуратурасы мемлекетке миллиондаған активтерді қайтарды. Жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңдылықты талдау барысында прокурорлар сенімгерлік басқарудың тиімсіздігі фактілерін анықтады, деп хабарлайды Jas.kz.

Жергілікті атқарушы орган жеке кәсіпкерге құны 93,7 млн теңге болатын жертөле үй-жайын берген.

Кәсіпкердің шарт талаптарын орындамағанына қарамастан, жергілікті атқарушы орган ұзақ уақыт бойы нысанды уақтылы алып қою бойынша шаралар қабылдамаған.

Осыған байланысты прокуратура заңдылықтың бұзылуын жою туралы, соның ішінде басқа да осыған ұқсас жағдайлар бойынша ұсыну енгізді.

Қарау нәтижелері бойынша мемлекет балансына жалпы құны 400 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандары қайтарылды.

Сонымен қатар, жер пайдалану саласында тәртіп орнату бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекет табысына ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша игерілмей келген, жалпы құны 300 млн теңге болатын 28 жер учаскесі қайтарылды.

Жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлікті қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында..

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз